02
сентябрь
2019
Мектепке жол акциясы
Сұрат ауылының әкімі Байарыстан Ғазиз бір оқушының формасына демеушілік көрсетті. Меркі аудандық маслихатының депутаты Алтынбаев Ахан бір оқушыға өз демеушілігін көрсетті және Мектебіміздің түлегі Оспанов Ренат бір оқушының формасына қол ұшын беріп көмектесті. Мектебіміздің директоры А.Р. Спанкулова Айжан да 1 оқушыға мектеп формасын алуға өз үлесін қосты және Жеке кәсіпкеріміз Болат Қалманбетов екі оқушыға мектеп формасын алуға қолқанатын тигізді.Мектеп формасын алуға және мектебіміздің бірыңғай формада болуына көмектескен, ықпал еткен ата-аналар мен демеушілерімізге алғысымыз шексіз.