11
февраль
2021
"Жыр жүйрігі - Мұқағали Мақатаев"
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ақын Мұқағали Мақатаевтың 99 жылдық мерейтойына орай өткізілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес ағымдағы 2021 жылдың 8 ақпан күні Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы білім беретін мектебінде 1-4 сыныптарының оқушылары арасында "Жыр жүйрігі - Мұқағали Мақатаев", ал 8-10 ақпан аралығындағы күндері 5-11 сыныптарының оқушылары арасында "Мқағали Мақатаев-қазақ халқының ақиық ақыны" тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді. Іс-щараның мақсаты: Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру, ақын өлеңдерінің мазмұнын терең ұғынып, түсінуге үйретуге, жас ұрпақтың елге, тілге деген патриоттық сезімдерін ояту. Сынып сағаттары қазіргі таңда әлемді алаңдатып отырған короновирус пандемиясының алдын алу шараларына байланысты 6,7,8 және 10 сыныптары үшін онлайн форматта, ал кезекші 1-4 және 9,11 сыныптары үшін санитарлық сақтық шараларын сақтай отырып, дәстүрлі (офлайн) форматта өткізілді.














