08
февраль
2021
"Жыр алыбы Жамбыл"
Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы білім беретін мектебінің Ж.Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай өткізілген іс-шара жоспарына сай 29 қаңтар күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әбіш Г. "Суырыпсалма ақын, қазақ халқының ұлы перзенті Жамбыл Жабаев" Тақырыбында танымдық сағатын өткізді. Танымдық сағатта оқушыларға ақынның өмірі, өлеңдері, дастандары, шығармалары, айтыстары туралы слайдтар арқылы мәліметтер беріліп, "Жыр алыбы Жамбыл" тақырыбында бейнетаспа көрсетілді. Оқушылар білетін өлеңдері "Аттандыру", "Ленинградтық өренім", "Атаның әлдиі" өлеңдері оқылды. Сонымен бірге Жамбыл Жабаев туралы сұрақтарға жауап беріп, облыс, көшелерінің аты, ескерткіш, т.б. бірқатар елді мекендер мен оқу орындарының Жамбыл есімімен аталатын айтып өтті. Жамбылдың жасыныан-ақ сөзге жүйрік, шыншыл өткір ақын болғандығы туралы мәлімет алды.