09
февраль
2019
Поэзия Хантәңірі
Ақпан айының 4 жұлдызында мектебімізде қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақын Мұқағали Мақатаевтың туылған күніне орай, «Поэзия Хантәңірі» атты көркемсөз оқу байқауы өткізілді. Байқауға 1,2,3,4,5,6- сынып оқушылары қатысып, байқау шартына байланысты ақынның бірнеше өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Сонымен қатар, ақынның өмірі, шығармашылығы таныстырылып, өз жанды даусымен оқылған өлеңдері тыңдатылды. «Мықтыдан мықты озар алысқанда, Тұлпардан тұлпар озар жарысқанда» демекші, байқау соңында мәнерлеп оқу, есте сақтау қабілеті, сахна мәдениетімен ерекшеленіп көзге түскен Сарналы Анель, Абдеш Аружан, Фермебай Айханым, Асқар, Сейіржапар Нұрмұхамед, Асанбек Таңсұлу, Батырқұл Нұрайым, Срайыл Нұрайлым есімді оқушылар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Байқауға қатысқан басқа да оқушылар жігерлендіру мақсатында «Талпыныс» номинациясымен және алғыс хаттармен марапатталды.