06
декабрь
2018
Ұлы даланың жеті қыры

Елбасымыздың "Ұлы даланың жеті қыры" атты туындысы жер-жерде талқыға түсіп, оң бағасын алуда. Осындай жиынның бірі құт-береке дарыған қазақы мекен-Сұрат ауылдық округінде болып өтті. Округ әкімі Ғазиз Байарыстан Аққайнар ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Молдабай Шегетаевпен бірге (суретте) жиын президиумына көтеріліп ауылдың мәдениет үйіне жиналған көпшілікке Елбасының Ұлы даланың жаһандық тарихтағы орнын белгілейтін тың ойларын кеңінен паш етті. Мақаладағы "Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт" атты 1-басымдықтағы "Атқа міну мәдениеті", "Ұлы даладағы ежелгі металлургия", "Аң стилі", "Алтын адам", "Түркі әлемінің бесігі", "Ұлы жібек жолы" және "Қазақстан алма мен қызғалдақтың отаны" жобаларына №19 С.Әлібекұлы атындағы ЖББМ-нің мұғалімі Қалдыбек Бекболатов кең талдау жасап, ел назарына ұсынды.