13
ноябрь
2018
Жаңа аллея
Сұрат ауылының тұрғыны кәсіпкер "Сыпатай батыр" ЖШС-ң төрағасы Шайхиев Қанат Кеналыұлы Сыпатай Әлібекұлы атындағы 19 ЖББ мектебінің алаңында "Ұстазға тағзым" атты аллеясын жасауды өз міндетіне алып, қазіргі таңда аллеяның көкалдандыру жұмыстары жасалып, шыршалар отырғызылып, демалыс орындықтары орнатылды. Кәсіпкер 07.11.2018ж. күні атқарылып жатқан жұмыстарының нәтижесін көріп бақылап өтті.