17
апрель
2025
"Түлектердің ағаш егу" экочелленджі өткізілді.
Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінде ағымдағы жылдың 17 сәуір күні "TazaLike" FEST салтанатты іс-шараларын өткізу бойынша Жол картасының 21 тармағына сәйкес , "Түлектердің ағаш егу" экочелленджі өткізілді. Іс-шараның мақсаты - Жас ұрпақ арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру; Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік сезімдерін оята отырып, табиғатты аялауға, қамқорлық жасауға баулу; Патриотизм рухына тәрбиелеу. "Түлектердің ағаш егу" экочелленджіне білім ошағының 9 және 11 сыныптарының 39 білім алушысы қамтылды.

