18
март
2025
"Таза Қазақстан" акциясы аясында
Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінде ағымдағы жылдың 18 наурыз күні "Таза Қазақстан" акциясы аясында барлық 1-11 сыныптарының арасындағы білім алушыларға экологиялық тәрбие беру бойынша сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: білім алушыларға экологиялық тәрбие беру арқылы олардың дүниетанымын, табиғатты қорғау қабілеттерін арттыру. Табиғатты, қоршаған ортаны аялауға, қорғауға, тазалығын сақтауға, қамқорлық жасауға, мейірімді болуға, жауапкершілікке тәрбиелеу.
















