31
январь
2024
"Адал ұрпақ" ерікті клубының кезекті отырысы болып өтті.
Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылдың 31 қаңтар күні білім алушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмыс жасайтын "Адал ұрпақ" ерікті клубының кезекті отырысы болып өтті. Жұмыс барысында клуб мүшелері білім алушылардың парасаттылық, адалдық қасиеттерін дамыту бағытында атқарылған жұмыстарды саралап, алдағы тұрған жұмыстар бойынша ой бөлісіп, пікірлерін білдірді. Сол бағытта алдағы уақытта оқушылар арасында "Жемқорлықпен күресу - азаматтық парызымыз" тақырыбында дәрістерін өткізу, "Жастар жемқорлыққа қарсымыз!" атты акция ұйымдастыру жоспарланды.
"Адал ұрпақ" клубының жетекшісі А.Абаева.
"Адал ұрпақ" клубының жетекшісі А.Абаева.
