18
сентябрь
2023
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
Ағымдағы 2023 жылдың 18 қыркүйек күні Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінде жемқорлыққа байланысты орын алған келеңсіз жағдайларға тиісті шешім қабылдап, орындалуын бақылауға алу үшін қоғамдық бақылау комиссиясын бекіту бойынша ұжым мүшелері арасында жиын өткізілді. Сыбайлас жемқорлық тек жемқорлыққа қатысушы тұлғалар үшін ғана "жаман" емес, сондай-ақ әрбір қоғам мүшесі үшін қауіпті. Өйткені заң билігі әділ болмаса, ол кез келген адамды бүлдіруі мүмкін. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу бағытында мектепте ауқымды жұмыстар жүргізілуде. "Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын" жүзеге асыру, ата-аналар мен ұжым мүшелері арасында ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізу және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу мақсатында мектеп басшысының бұйрығы негізінде қоғамдық бақылау комиссиясы құрылды. Жемқорлық сипатындағы теріс әрекеттер орын алған жағдайда мектепте өтініштер мен шағымдар жазып қалдыратын "Сенім жәшігі" жұмысы қолға алынып, 5 31 45 сенім телефоны қосылған. Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстары жылдан-жылға жандана түсуде. Барлық заң органдарында аталған бағыт аясында түрлі ауқымды жұмыстар жүргізілуде.


