14
апрель
2025
"Нашақорлыққа жол жоқ!"
Ағымдағы жылдың сәуір айының 7 - 30 күндері аралығында өткізіліп жатқан оқушылардың психологиялық жағдайын нығайтуға бағытталған нашақорлық және мінез-құлық ауруларының алдын алу көктемгі айлығы аясында жүзеге асырылатын іс-шаралар жоспарына сәйкес 14 сәуір күні 6-11 сыныптарының арасында "Нашақорлық - ғасыр дерті", "Нашақорлыққа жол жоқ!" тақырыптарында тәрбие сағаттары өткізілді. Іс-шара барысында есірткінің адам ағзасына тигізетін зияндығы, заң алдындағы жауапкершілігі жайында кеңінен мағлұматтар беріліп, салауатты өмір салты насихатталды.











