04
ноябрь
2024
"Есірткісіз болашақ" тақырыбында дөңгелек үстел іс-шарасы өткізілді.
Оқушылардың психологиялық жағдайын нығайтуға бағытталған нашақорлық және мінез-құлық ауруларының алдын алу күзгі айлығы кезінде жүзеге асырылатын іс-шаралар жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 4 қараша күні мектеп білім алушылары арасында "Есірткісіз болашақ" тақырыбында дөңгелек үстел іс-шарасы өткізілді. Мақсаты - нашақорлықтың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау. Іс-шара барысында есірткінің түрлері оның адам ағзасына зияндығы, заң алдындағы жауапкершілігі жайында кеңінен мағлұматтар берілді.


