07
февраль
2025
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 03.02.2025 жылғы №01-426 хаты
Ағымдағы жылдың 7 ақпан күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 03.02.2025 жылғы №01-426 хаты негізінде Тараз қаласы прокуратурасының 2025 жылғы 31 қаңтардағы №2-07-25-00496 хатына сәйкес мектеп педагогтері, дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері арасында құқық қорғау органы қызметкерлерінің қатысуымен кәмелерке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстар үшін көзделген қылмыстық жауапкершілік туралы дәрісі өткізілді. Дәріске Меркі АПБ ӘПБ бөлімінің бастығы Б.Байтемиров , Меркі АПБ криминалдық полиция бөлімшесінің бастығы полиция майоры Т.Қ.Абдрашев, Меркі АПБ ЖПҚб ювеналдық полиция тобының инспекторы Е.Оспанбеков және Меркі АПБ ЖПҚб УПИ полиция капитаны А.Ақылжанов қатысты. Дәріс барысында кәмелерке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстар үшін көзделген қылмыстық жауапкершіліктер туралы кеңінен ақпараттар берілді.


