24
декабрь
2024
Мектеп білім алушыларының арасында қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері бойынша ақпараттық түсіндірме жұмысын жүргізді.
Ағымдағы 2024 жылдың 24 желтоқсан күні мектеп директоры С.Сеитова, Меркі АПБ ЖПҚб УПИ полиция капитаны А.Ақылжанов, Меркі АПБ ЖПҚб ювеналдық полиция тобының инспекторы Е.Оспанбеков, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т.Исмаилов мектеп білім алушыларының арасында қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері бойынша ақпараттық түсіндірме жұмысын жүргізді.
Жаңа жыл қарсаңында түрлі пиротехникалық заттар көбейіп, балалардың отшашуға деген қызығушылығы артатыны белгілі. Сол себепті пиротехникалық заттардың зардабы мен оның алдын алу туралы кеңінен мағлұматтар берілді. Сонымен қатар білім алушылар қыс мезгіліндегі жолда жүру қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі бойынша да қауіпсіздік нұсқаулықтарымен таныстырылды.