04
ноябрь
2024
"Есірткісіз болашақ" тақырыбында дөңгелек үстел іс-шарасы өткізілді.
Ағымдағы жылдың қараша айында Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінде мектеп оқушыларының психологиялық жағдайын нығайтуға бағытталған нашақорлық және мінез-құлық ауруларының алдын алу күзгі айлығы ұйымдастырылып өтуде. Аталған айлық бойынша жүзеге асырылатын іс-шаралар жоспарына сәйкес 4 қараша күні "Есірткісіз болашақ" тақырыбында дөңгелек үстел іс-шарасы өткізілді. Іс-шара барысында есірткінің түрлері оның адам ағзасына зияндығы, заң алдындағы жауапкершілігі жайында кеңінен мағлұматтар берілді. Іс-шараны директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т.Исмаилов пен мектеп психологы А.Бектурганова ұйымдастырды.




