08
ноябрь
2024
"Қазақтың ұлттық психологиясындағы қыз бала тәрбиесі" тақырыбында қыздармен әңгімелесу сабағы жүргізілді
2024 жылдың 8 қазан күні мектебіміздің қыздарымен "Қазақтың ұлттық психологиясындағы қыз бала тәрбиесі" тақырыбында қыздармен әңгімелесу сабағы жүргізіліп "Сырғалым" қыздар клубының жетекшісі А.Бектурганова баяндама оқыды.
Мақсаты:Ұлтымыз қыз баланың ізеттілігі мен мәдениеттілігін – сыртқы бет-пішіні мен киім киісіне қарап бағалағанғандығы туралы түсіндіру.
Қыз емес, қыздың аты – қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын
Үлкеннің алдын орап, сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын- дегендей , қазақ халқы қыз бала тәрбиесіне ертеден-ақ мән берген. Халқымыз «қыз-қонақ» деп, төрінен орын беріп, қыздарды алтынның сынығына балап өсірген. Жалпы бала тәрбиесіне, соның ішінде қыз бала тәрбиесіне өте көп көңіл бөлген. Ата-бабаларымыз «қызға қырық үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю» деген мақалға қаншама ой сыйғызған. Яғни, қыз бала тәрбиесіне тек анасы жауапты емес, бүкіл ауыл, ел жауапты болып отырған.
Мектеп директоры Сеитова Сандуғаш Қапсаланқызы қыздарға өз ақылын айтып, кеңес берді.Саналы болыңдар! Көріктерің ақылдарыңа сай болсын! Тәуелсіз еліміздің ертеңгі тұтқасы, бір қолмен- бесік, екінші қолмен әлем тербететін болашақ ана – өздеріңсіңдер! Қай қоғамда, қай заманда өмір сүремін, ол қазақ қызы деген атқа лайық болуы қажет. Бойжеткендеріміз осыны ұмытпаса деймін деп сөзін қортындылады. Қортынды:Қыз деген - әсемдік пен әдеміліктің символы, қарапайымдылық пен адамгершіліктің бейнесі. Ақылына көркі сай қыздарымыз ертеңгі күні тек бір отбасының ғана емес, бүтін бір қоғамның, елдің ұйтқысы болмақ.
Сондықтан,қазақ қыз тәрбиесіне дел-сал қарамай, оны бірінші орынға қойып, қоғамның дұрыс жолда дамуына қол ұшымызды созайық.
Сөзімді аяқтай келе, құрбыларыма айтарым, «Қыз- ұлттың жаны» демекші, ата-аналардың аяулысы, құрбы-құрдастарыңыздың қадірлісі мен қымбаттысы, даламыздың гүлі, өміріміздің сәні бола беріңіздер! Әдемі, сұлу да сымбатты болыңдар!