20
декабрь
2023
«Қызға қырық үйден тыйым» тақырыбында пікір алмасу іс-шарасы жүргізілді.
Мектептің қыз балаларымен жұмыс бағытында 20 желтоқсан күні 8-11 сыныптарының қыз балалары арасында мектеп директоры С.Сеитова, мектеп медбикесі А.Ахметова және «Сырғалым» қыздар клубының жетекшісі К.Базаркулованың ұйымдастыруымен «Қызға қырық үйден тыйым» тақырыбында пікір алмасу іс-шарасы жүргізілді. Мақсаты – жас ұрпақ бойына ұлттық құндылықтарымыз негізінде қазақ қыздарына тән тәрбиелік қасиеттерді сіңіру. Іс-шара барысында қыздар тәрбиесінің маңыздылығы туралы ақпараттар беріліп, білім алушы қыз балаларына кеңестер берілді.
