26
апрель
2024
«Нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында сауалалнама жүргізілді.
Ағымдағы жылдың сәуір айының 2 -30 аралығында мектебімізде өткізіліп жатқан оқушылардың психологиялық жағдайын нығайтуға бағытталған нашақорлық және мінез-құлық ауруларының алдын алу көктемгі айлығы аясында 24-26 сәуір күндері мектептің 8-11 сыныптарының білім алушылары арасында «Нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында сауалалнама жүргізілді. Мақсаты: жасөспірімдер арасында есірткіге қатысты проблемалар жайлы ақпараттандыру деңгейін көтеру. Сауалнамаға қатысқан жалпы оқушы саны – 68. Сауалнамаға қатысқан оқушылардың берген жауаптары бойынша есірткі заттарының зияндылығы туралы олардың жақсы хабардар екендігі және салауатты өмір салтын ұстанудың маңызды екенін жақсы түсінеді. Мектептегі нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы өткізіліп жатқан іс-шаралар оқушылардың нашақолыққа қарсы сауаттылықтарының артуына оң әсерін тигізіп жатқандығы көрінеді. Сонымен қатар оқушылар есірткі затын қолдану, сақтау және тарату бойынша заң алдындағы жауапкершілігі туралы да хабардар екендігі байқалды.
Сауалнаманы жүргізген әлеуметтік педагог Б.Чотбаева.

Сауалнаманы жүргізген әлеуметтік педагог Б.Чотбаева.

