«Өнерлі қыз, өнегелі жеңге» тақырыбында байқауы өткізілді. » СШ№19 им. Алимбекулы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«Cыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (726) 325-31-45
Есепші бөлімі:
+7 (702) 256-12-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Өнерлі қыз, өнегелі жеңге» тақырыбында байқауы өткізілді.
07
март
2024

«Өнерлі қыз, өнегелі жеңге» тақырыбында байқауы өткізілді.

Ағымдағы жылдың 7 наурыз күні 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай жүзеге асырылатын іс-шаралар жоспары аясында 7-11 сыныптарының білім алушы қыз балалары мен жеңгелерін  қамти отырып, «Өнерлі қыз, өнегелі жеңге» тақырыбында байқауы өткізілді. Мақсаты: Жас ұрпақ арасында отбасылық тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттау. Отбасы тарихын және дәстүріне деген қызығушылықтарын дамыту, жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ұлттық салт-дәстүрді қадірлеуге  тәрбиелеу. Жеңге мен қайын сіңлінің арасындағы өзара сыйластық құндылығын дәріптеу, қазақ қыздарына тән инабаттылық, имандылық, әдептілік, арлылыққа тәрбиелеуде қыз бен жеңгелерінің алатын орны ерекше екеніне тоқталу. Байқау 6 бөлімнен тұрды:
1-бөлім- «Сәлем – сөздің  анасы» (таныстыру);
2-бөлім-  «Үй тапсырмасы», мұнда қатысушылар дайындап келген қолөнер бойынша жұмыстарын  ұсынды; 3-бөлім- «Қамыр жайып жарысу», байқауға қатысушы қыздарымыз жеңгелерінің кеңесімен қамыр жайып жарысқа түсті; 4-бөлім- «Сұрақ-жауап», мұнда қатысушылар таңдаған билеттеріндегі ұлттық салт-дәстүр бойынша қойылған  сұрақтарға жауап берді; 5-бөлім – «Дастархан сәндеу», бұл бөлімде қатысушыларға ұсынылған көгөністерден әдемілеп, сәнді дастархан мәзірін  көрсетті; 6-бөлім – «Өнерлі өрге жүзер», бұл кезде байқауға қатысушылар өз өнерлерін ортаға салды. Байқаудың әділ қазылары ретінде мектепішілік «Даналық мектебі» клубының «Аталар мектебі», «Әжелер мектебі», Ағалар мектебі» және «Жеңгелер мектебінің» өкілдері төрелік жасады. Тартысты өткен байқау қорытындысы бойынша 10 сынып оқушысы Қазақбай  Гүлбаршын мен жеңгесі Сандықбаева Эльнура жұбы жеңімпаздар болып танылып, «Бас жүлдені» иеленді.Байқауға қатысқан басқа да қайын сіңлісі мен жеңгелер жұптарының өнерлері мен білімдері, еңбектері әділ қазылар тарапынан жоғары бағаланып, жүлделі орындар берілді. Барлық жүлдегер жұптары бағалы сыйлықтармен және дипломдармен  марапатталды. Мереке қарасаңында ұйымдастырылған «Өнерлі қыз, өнегелі жеңге» байқауына демеушілік  көрсеткен мектебіміздің 1991 жылғы түлектері – Әбенов Қошан Қалдыбекұлы, Найзабеков Жәнібек Мырзаханұлы, Жетпісбаева Салтанат Оразқызы, Даулетов Нұржігіт, Нұрманов Ринат Қонысұлына мектеп ұжымы алғысын білдіреді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив