12
февраль
2024
Оқуға құштар мектеп
12.02 күні қазақтың «Ғасыр» ақыны М.Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына орай мектебімізде бастауыш сынып оқушылары арасында мәнерлеп оқу сағаты болып өтті. Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған "Жырлайды жүрек"атты ұранымен мектебіміздің 2-3сынып білім алушылары ғасыр ақыны атанған Мұқағали жырларын мәнерлеп оқыды. «Ақ мамам», «Саржайлау» әндерінде оқушыларымыз орындап шықты.
