Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен 2022 жыл - Балалар жылы болып жариялануына орай мүдделі органдардың қатысуымен балалардың құқығын қорғау шараларын қамтамасыз ету және жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, құқықтық білім сапасын арттыру, құқықтық мәдениетті насихаттау мақсатында Меркі ауданының білім бөлімі мен Меркі аудандық полиция бөлімі бірлесе отырып, аудан аумағындағы мектептердің білім алушылары арасында "Полиция балалар көзімен" атты байқауын ұйымдастырып, өткізді. Байқау ағымдағы 2022 жылдың 8 сәуір күні өтіп, іс-шараға аудан мектептерінен 90 білім алушысы қатысты. Байқау қорытындысы сәтінде Меркі ауданының білім бөлімінің басшысы А.А.Алтынбаева мен Меркі АПБ-нің бастығы полиция полковнигі С.М.Мамытбеков барлық жеңімпаз жүлдегерлерді қол жеткізген жетістіктерімен құттықтап, арнайы мақтау қағаздарымен марапаттады. Сыйлықтар табыс етті. Солардың қатарында мектебіміздің 10 сынып оқушысы Наурызбаева Алия (Жетекшісі М.Нұрбаева) "Мәнерлеп оқу" номинациясы бойынша қатысып, жүлделі II орын иегері аталса, ал Фермебай Арнат (Жетекшісі Г.Асқар) "Сурет" және Фермебай Айғаным (Жетекшісі Г.Әбіш) "Шығарма" номинациялары бойынша арнайы Алғыс хаттармен марапатталды.