
2022 жылдың 15 ақпан күні ҚР президенті Қ.К.Тоқаевтың ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында "Қасіретті қаңтар" сабағы: Қоғам тұтастығы - Тәуелсіздік кепілі" тақырыбында сөйлеген сөзінде берілген тапсырмаларды орындау мақсатында өткізілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес 8"Ә" сыныбының жетекшісі М.Нұрбаева "Қоғам тұтастығы - Тәуелсіздік кепілі" сынып сағатын өткізді. Мақсаты - өскелең жас ұрпақтың қоғамдағы міндеті мен жауапкершілігін сезіндіру. Қоғамға, өз ортасына саналылықпен қарау көзқарастарын қалыптастыру. Қоғамда өзін ұстай білу мәдениетіне, сыйластыққа және адамгершілікке ізгі қасиеттерге тәрбиелеу. Сынып сағатына Меркі АПБ қызметкері полиция капитаны Р.Мырзабаев қатысты.