
Қазіргі білім беру процесін жетілдіру жетекші бағыттардың бірі мектепті білім сапасын дамыту және бақылау мониторингі арқылы басқару жүйесін қалыптастыру болып табылады. Ол мектеп қауымдастығының барлық мүдделі қатысушыларын жұмылдыра отырып жүзеге асырылады. Мониторинг-мектепті көп деңгейлі басқарудағы маңызды жүйелердің бірі.Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жасау білім сапасын негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптарына сәйкес бағалау. Осы орайда Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 ЖОББМ 2022 жылдың қаңтар айының 19 күні 9-сынып оқушылары арасында білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу бойынша биология пәнінен кезекті сынама алынып,мониторинг шығарылды. Пән мұғалімі Касымкулова Дидар Сагынтаевна