07
ноябрь
2019
Күзгі когалдандыру
Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 ЖББ мектебімізде 6қараша күні мектеп айналасына 18 түп шырша ағаштары отырғызылды.Сұрат ауылдық округінің әкімшілігі және қамқоршылық кеңесінің мүшелерінің демеушілігімен бұл шырша ағаштарын мектебіміздің директоры Айжан Спанкулова Рысқазықызы өз қолымен отырғызуға өз үлесін қосты. Және директордың шаруа ісі жөніндегі орынбасары Найзабеков Азамат мектебіміздің кіші қызметкерлерімен бірге мектеп айналасын абаттандыруға қосқан еңбегі елеулі ."Ұрпағың үшін мәңгілік іс-жаса" дегендей бұл шыршалар ұрпақтарымызға жылдар бойы аманат болып қалатынына сеніміміз кәміл.