24
октябрь
2023
«Буккросинг – Бірге оқимыз»-«Сыйлыққа кітап- В подарок книга» атты кітап алмасу акциясы өткізілді.
2023 Жылдың қазан айының 24 күні Сыпатай Әлібекұлы атындағы № 19 жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында «Буккросинг – Бірге оқимыз»-«Сыйлыққа кітап- В подарок книга» атты кітап алмасу акциясы өткізілді. Буккроссингтің» басты мақсаты ол − үйімізде шаң тозаң болып жатқан немесе оқылған кітаптарға «екінші өмір сыйлау»; оқырмандар арасында «кітап алмастыру» акциясын жүргізу; әр түрлі жастағы оқырмандарды кітап оқуға шақыру; кітапханаға оқырмандарды тарту; күнделікті өмірдегі әр оқырманның кітап оқу әрекетін танымал етуге өз үлесін қосу; әлемді үлкен кітапханаға айналдыр Аталмыш акция ұйымдастырылып, оған мектеп оқушылары яғни 5-10 сынып аралығында белсене қатысты. Осы аталған «Буккросинг» акциясының барысында оқырмандарға «Буккросинг» қозғалысы туралы ақпарат беріліп, «Біз оқыдық, сен оқы», «Кітап қалай пайда болды?» тақырыптарда әңгімелер жүргізіп, мәнерлеп оқудан сайыс өткізілді. Енді арнайы арналған орында оқушылар үзілісте кітаппен таныса алады және ұнаған кітапты оқуға өзімен алуға болады. Бірнеше кітап өз оқырмандарын тапты. Кітаптармен алмасу ізгілігі балаларға ұнады. Кітап алмасу әлі де жалғасуда.
