«Отбасы - орта мектеп» жобасы
«Отбасы - орта мектеп» жобасы аясында жүзеге асырылатын іс-шаралар жоспарына сәйкес 2024 жылдың 5 ақпан күні "Әке көрген оқ жонар" тақырыбында әкелер өкілдерімен дөңгелек үстел іс-шарасы өткізілді. Іс-шараның мақсаты: Өскелең жас ұрпақты тәрбиелеудің өзекті мәселелерін шешуде отбасындағы әке тәрбиесінің маңызы мен мәртебесін көтеру, қоғамда әкенің рөлін биіктету, ұрпақ тәрбиесіне деген әкелердің көзқарастарын кеңейту. Бала тәрбиелеу туралы ой-пікрлерімен бөлісу. Әр шаңырақта әкенің орны ерекше.