22
октябрь
2024
"Жаңа Қазақстанда ақындар айтысының дамуы" атты дебат пікірсайысы болып өтті.
Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінде "Төрт тоқсан - төрт өнер" ұлттық мәдени-ағартушылық жобасының іс-шаралары жоспары аясында ағымдағы жылдың 22 қазан күні "Жаңа Қазақстанда ақындар айтысының дамуы" атты дебат пікірсайысы болып өтті. Пікірсайыста білім алушылардың айтыс өнеріне деген көзқарасы, сөз қадірін білген қазақ халқының құндылықтары жайлы талқыланды. Пікірсайысқа жақтаушы "Ақиқат" пен даттаушы " Әділет" тобы қатысып "Ақиқат" тобы жеңіске жетті. Іс-шараны ұйымдастырып, өткізген "Зияткер" дебат үйірмесінің жетекшісі Қ.Елшібек.




