17
сентябрь
2024
"Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы" атты дебат ойыны болып өтті.
17 қыркүйек күні Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінде "Төрт тоқсан - төрт өнер" ұлттық мәдени - ағартушылық жобасы аясында "Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы" атты дебат ойыны болып өтті. Іс-шара барысында жас ұрпақ арасында патриотизм құндылығы бойынша ой қозғалып, тәуелсіз ел тарихындағы ерліктерімен өнеге болған тұлғалар мен олардың істері туралы сөз қозғалды. Пікірсайысқа жақтаушы "Ақиқат" пен даттаушы " Әділет" тобы қатысып "Ақиқат" тобы жеңіске жетті. Іс-шараны ұйымдастырған тарих пәнінің мұғалімі Қ.Бекбулатов.




