ҰБТ » СШ№19 им. Алимбекулы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«Cыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (726) 325-31-45
Есепші бөлімі:
+7 (702) 256-12-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
январь
2022

ҰБТ

Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінде 17.01.2022 жылы «Ұлттық бірыңғай тестілеу 2022» туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
ҰБТ-ға енгізілген өзгерістер мен талаптары туралы ата-анаға, мұғалімдерге, оқушыларға түсіндірме мектеп әкімшілігі тарапынан ұйымдастырылды.
«Ұлттық бірыңғай тестілеу – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсуге арналған іріктеу емтиханын бір шкала».
ҰБТ өткізу пунктерінде (ҰБТӨП) бір тестілеуші, бір компьютер – 2 камера қағидаты бойынша электрондық форматта өткізіледі. Аймақтық тестілеу орталықтарында (АТО) барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, карантиндік шектеулер сақталады. Жалпы тестілеу құны 5640 теңге (төлем 1 сағаттың ішінде жасалуы тиіс).
2021 жылдың 8 желтоқсанынан бастап Ұлттық тестілеу орталығы білім беру орталықтарымен бірлесіп, ҰБТ-ға дайындалу үшін тегін онлайн сабақтар өткізілуде.
2022 жылы ҰБТ форматында қандай өзгерістер болады деп күтілуде?
1) Тестілеу "бір тестіленуші – бір компьютер – екі камера" қағидаты бойынша өткізіледі (бұған дейін бір камера). Түсуші тестілеу жүйесіне әрбір кіру және шығу кезінде, компьютерде орнатылған фронтальды камера арқылы адам бетінің көлемдік-кеңістіктік формасының сканері арқылы авторизациялаудан өтеді;
2) Тестілеу кезінде электр қуаты ажыратылған жағдайда немесе тестілеу жазбасы жүргізілмейтін басқа да форс-мажорлық жағдайларда, тестілеуді тоқтата тұру және ауыстыру туралы акт жасалады;
3) Мүгедек балалар және мүгедектер (көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған) тестілеуге қосымша 40 минут уақыт беріледі;
4) Қазақстан тарихы пәні тест тапсырмаларының құрамына контекс мәндегі тест тапсырмалар енгізілді (2021 жылы олар тек бейіндік пәндерде болды);
5) Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобына түсушілер үшін тестілеу ұзақтығы өзгертілді, тестілеу уақыты - 70 минут (бұрын 65 минут);
6) Тестілеудің бейнебақылау жазбаларын және іс-қимыл журналын (логтарды) тексеру күнтізбелік жылдың соңына дейін жүзеге асырылады.
Контексті тапсырмалар
Контекст – бұл проблемалық жағдаяттағы сұрақтың (тапсырманың) шешімдеріне сілтеме жасалатын тақырып аясы.
Контекст тұтас және тұтас емес мәтін түрінде (сурет, график, кесте, диаграмма, инфографика және т.б.) түрінде болуы мүмкін.
Контекст негізіндегі тапсырмалар пән бойынша терең білімді (меңгерудің жоғары деңгейі), контекстті оқу мен түсіну, контекст мазмұны бойынша рефлексия жасау, салыстыру мен талдау және т.б. кең көлемдегі дағдылар мен біліктерді бағалайды.

Білім алушыларға рұқсат етілмейтін заттарға тыйым салынатыны туралы ескертілді.
Түсушіге рұқсат етілмейді:
 аудиториядан (компьютерлік сыныптан) дәліз кезекшісінің функциясын атқаратын тестілеу администраторының рұқсатынсыз және алып жүруінсіз шығуға;
 аудиториядан (компьютерлік сыныптан) 10 минуттан артық шығуға;
 сөйлесуге, орын ауыстыруға;
 құжаттармен және түсушіге жұмыс үшін берілген А4 форматындағы парағымен алмасуға;
 ғимаратқа және аудиторияға (компьютерлік сыныпқа) оқу-әдістемелік әдебиеттерді, Менделеев кестесін және тұздардың ерігіштігі кестесін, калькулятор, фотоаппарат, ақпараттарды тасымалдау функциясымен жабдықталған кез келген ұялы байланыс құралдарын (пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad (Айпад), iPod (Айпод), SmartPhone (Смартфон), рациялар, ноутбуктер, плейерлер, модемдер (мобильді роутерлер), смарт сағаттар, сымды және сымсыз құлаққаптар және басқа да микроқұлаққаптар), сымсыз бейнекамераларды, GPS (ДжиПиЭс) навигаторларды, GPS (ДжиПиЭс) трекерлерді, қашықтан басқару құрылғыларын, сондай-ақ келесі стандарттарда жұмыс істейтін басқа да ақпарат алмасу құрылғыларын: GSM (ДжиСиМ), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи), 5G (5 Джи), VHF (ВиЭйчЭф), UHF (ЮЭйчЭф), Wi-Fi (Вай-фай), GPS (ДжиПиЭс), Bluetooth (Блютуз), Dect (Дект) және тағы басқалар, шпаргалкаларды алып кіруіне және қолдануына рұқсат етілмейді;
 тестілеу алдында немесе тестілеу кезінде шулауға;
 тестілеу басталар алдында берілген А4 форматындағы қағаздарын өзімен бірге алып кетуге;
 тестілеу тапсырмаларының мазмұнын талқылауға және жария етуге;
 тестілеуге пайдаланылатын техникаға және қауіпсіздік жүйесіне қасақана зиян келтіруге;
 тестілеу жүйесіне араласу әрекетіне және тестілеуден өтуге байланысты өзге де бұзушылықтарға рұқсат етілмейді.















Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив