18
октябрь
2022
"Парасатты отбас" байқауы

Жамбыл облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет агенттігінің ұйымдастыруымен отбасы құндылықтарын дәріптеу, жас ұрпақты парасаттылыққа, адалдыққа тәрбиелеу мақсатында өткізілген аудандық "Парасатты отбасы" байқауына Сыпатай Әлібекұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебінен 5 "Ә" сыныбының оқушысы Асқар Асанбай Санатұлының отбасы қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Отағасы Бегасылов Санат Асқарұлы мен жұбайы Таңшолпан балаларын өнерге баулып, отбасылық силастық, татулық орната білген жандар. Тамаша өнерлерін көрермендер қауымы мен қазылар алқасына жеткізе білген олар "БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ" номинациясының иегері аталды. Марапаттарыңыз құтты болсын!!!
