02
май
2023
Ата-аналар жиналысы.
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің 24.04.2023 жылғы №598 хатында көрсетілген білім беру ұйымдарында жемқорлық тәуекелдерін болдырмау бағытында нақты шараларды қабылдау бойынша тапсырмасын орындау мақсатында ағымдағы жылдың 28 сәуір күні Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта мектебінде мектеп әкімшілігі тарапынан әр сынып бойынша ата-аналармен жиналыс өткізіліп, «Соңғы қоңырау», «Мектеп бітіру кеші» сынды іс-шараларын өткізу барысында және мемлекеттік емтихан тапсыру кезінде ата-аналардан, білім алушылардан, педагогтардан заңсыз қаржы жинауға , сыйлық жасауға , дастархан жасауға ТЫЙЫМ САЛЫНАТЫНДЫҒЫ ескертіліп, қолхат алынды. Сонымен қатар 4 сынып білім алушылары үшін «Бастауыш сыныппен қоштасу» іс-шарасын салтанатты жиын түрінде өткізуге тиым салынып, тек сынып сағаты ретінде жүзеге асырылатыны туралы да айтылды. Заң алдында ақшалай немесе заттай сыйлықты беріп жатқан да, оны алған тұлға да жауапты екендігі ескертілді.




