Біз туралы » Страница 14 » СШ№19 им. Алимбекулы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«Cыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (726) 325-31-45
Есепші бөлімі:
+7 (702) 256-12-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
Алғыс хат
18
май
2023
Алғыс хат
11.05.2023жыл. Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімі Алғыс хат " Ұлы отан соғысындағы Жеңістің 78 жылдығына және Қазақстан Республикас ының Қарулы Күштерінің 31 жылдығына байланысты '', Білім беру жүйесін дамытуға және өскелең ұрпаққа тәрбие мен білім берудегі қол жеткізген табыстары үшін АӘжТД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушы Тургумбаев Калдыбек Шидерханович марапатталды
"Тараз жауhарлары"
11
май
2023
"Тараз жауhарлары"
Сыпатай Әлібекұлы атындағы N19ЖОББМ мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Асқар Гульмира Абенқызы  Тараз қаласында 6.05-8.05 аралығында өткен "Тараз жауhарлары" көркем еңбек пәні мұғалімдерінің кәсіби суретшілер мен қолөнершілер шеберлерінің IV Халықаралық симпозиумына  қатысқаны үшін "Дипломмен" марапатталды.
Абай оқулары
11
май
2023
Абай оқулары
3.05.2023 жылы жалпы білім беретін мектептерінің 8-11 сынып оқушылары арасында қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, классикалық әдебиеттерді оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында өткізілген "Абай оқулары" байқауының "Абай атындағы қарасөздері" номинациясы бойынша Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінің 8- сынып оқушысы Батырқұл Нұрайым  ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Нурбаева Майра Курбанбековна
Спорт жұлдыздары
04
май
2023
Спорт жұлдыздары
29.04.2023 жылы Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ардабеков Ырысбек Абдешулы асық атудан жалпы ұстаздар арасында оңтүстік аймақтық Қазақстан чемпионатында 40-49 жас ерекшелігінде ІІІ орын иеленіп, "Спорт жұлдыздары" төсбелгісімен марапатталды
Ата-аналар жиналысы.
02
май
2023
Ата-аналар жиналысы.
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің 24.04.2023 жылғы №598 хатында көрсетілген білім беру ұйымдарында жемқорлық тәуекелдерін болдырмау бағытында нақты шараларды қабылдау бойынша тапсырмасын орындау мақсатында ағымдағы жылдың 28 сәуір күні Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта мектебінде мектеп әкімшілігі тарапынан әр сынып бойынша ата-аналармен жиналыс өткізіліп, «Соңғы қоңырау», «Мектеп бітіру кеші» сынды іс-шараларын өткізу барысында және мемлекеттік
Білімді жас маман-ертеңгі білікті ұстаз!
26
апрель
2023
Білімді жас маман-ертеңгі білікті ұстаз!
Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінде жас маман Сәдібай Бексұлтанға тәлімгер Әбіш Гүлзат білім алушының өзіндік жұмысын бақылауды жүзеге асыруда кері байланыс ұсынудың тиімді әдіс- тәсілдерін көрсетіп және бағалау талаптарымен, критерийлерімен таныстырып, тапсырмаларды бағалау критерийлеріне сай құрастыру және дескрипторларын анықтау керек екенін түсіндіріп,  тапсырмаларды дайындауға кеңес берді.
"Дарынды баламен жұмысты тиімді ұйымдастыру жолдары"
26
апрель
2023
"Дарынды баламен жұмысты тиімді ұйымдастыру жолдары"
Аудандық семинар өткізілді 2023 жылдың 14 сәуір күні Иван Трубицын атындағы  #17 мектеп - гимназиясының базасында "Дарынды баламен жұмысты тиімді ұйымдастыру жолдары" тақырыбында аудандық оқыту семинары өткізілді.  Семинардың мақсаты - дарынды балаларды анықтау, қабілеттерін дамыту, оларға қолдау көрсету мақсатында мектепте  дарынды балалармен жұмысты ұйымдастырудың тиімді жолдарынкөрсету. Іс - шара барысында #19 жалпы орта білім беретін мектеп директоры С.Сеитова өз тәжірибесімен бөлісті
Зерттеу сабағы
26
апрель
2023
Зерттеу сабағы
4.04.2023ж Сыпатай Әлібекұлы атындағы N 19 жалпы орта білім беретін  мектебінде Lesson Study аясында 6 сыныбында орыс тілі мұғалімі  Базаркулова Камшат  “Жизнетворная сила Солнца” тақырыбында зерттеу сабағын жүргізуде.Сабақта жеке, жұптық тапсырмалар беріліп, білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға арналған жұмыстар жүргізілді. Сабақтан кейін мұғалімдер сабақтың тиімді тұстары мен жақсартуға болатын тұстарын талқылады.
«Баланың психологиялық ахуалын жақсарту жолдары!» тренинг
22
февраль
2023
«Баланың психологиялық ахуалын жақсарту жолдары!» тренинг
22 ақпан күні 5-7   сынып ата-аналарымен «Баланың психологиялық ахуалын жақсарту жолдары!» тақырыбында тренинг өткізілді.
Тоғызқұмалақтан  «Балалар жылына» орай ұйымдастырған оқушылар арасынан турнирінде өз үлестерін қосты
07
декабрь
2022
Тоғызқұмалақтан «Балалар жылына» орай ұйымдастырған оқушылар
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы тоғызқұмалақтан «Балалар жылына» орай ұйымдастырған 5-6, 7-8,9-11  сынып оқушылары арасындағы облыстық турнирде Меркі ауданы №19 ЖОББ мектебінің оқушылары Нұртілек Сейітжапар 2-орын, Нұрлыбек Қаламқас пен Елубаева Аида 3-орын иеленіп Меркі ауданының құрама командасының 1-орын алуына өз үлестерін қосты.