22
октябрь
2022
"Педагог" кәсіби стандарты жобасы

22 қазан күні мектеп ұжымы "Педагог" кәсіби стандарты жобасын талқылады. Алғаш рет "Педагог" кәсіби стандарты 2017 жылғы 8 маусымда әзірленген болатын. Бұл кәсіби стандартта тек педагог мамандығының құндылықтары айқындалып, мамандық картасы, педагогтің іс-әрекет салаларындағы білімі, іскерлігі, дағдысы көрсетілген еді. Жаңа кәсіби стандартта педагогтің кәсіби құзыреттілігінің нақты шеңбері айқындалған.
Кәсіби стандарттың мақсаты: педагогқа қажет іскерлік пен дағдыларды, білім мен құзыреттіліктерді сипаттау. Кәсіби стандарт педагогтің кәсіби біліктілігін арттыру жоспарлауын жасау үшін және мансапқа жету үшін қызмет етеді. Әр келесі деңгей алдыңғы деңгейлердің көрсеткіш жиынтығын жетілдіреді.
Мектеп мұғалімдері кәсіби стандартта көрсетілген педагогикалық мамандықтың құндылықтары, бес еңбек функциясы және ұлттық біліктілік шеңберіне сәйкес 3 жалпы көрсеткіш бойынша өз ойлары мен ұсыныстарын білдірді. Талқылауға барлығы 47 мұғалім қатысты.
