12
октябрь
2023
Тексеру барысында білім алушылардың дәптерлері түгел, таза, сырттары қапталған, тапсырмалар уақтылы орындалған, сынып бойынша түгел.
12.10.2023ж Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінде жаратылыстану-математика пәндер бірлестігінің айлығы барысында биология, химия, физика пәндері бойынша зертханалық, практикалық жұмыстарының жүргізілу жағдай тексерілді. Жалпы, зертханалық жұмыстар-оқушылардың оқу-іс әрекетінің бір түрі, мақсаты мен міндеті айқын, әрі анық көрінетін жұмыс. Зертханалық жұмысты жүйелі түрде орындау-анализ, синтез, салыстыру, жалпылау оқытудағы теория мен практиканың байланысы, білім алушылардың дербестілігі мен танымдық күшінің дамуы сияқты ойлау амалдарының меңгерудің маңызды құралы. Тексеру барысында білім алушылардың дәптерлері түгел, таза, сырттары қапталған, тапсырмалар уақтылы орындалған, сынып бойынша түгел.
