Іс-шаралар » Страница 58 » СШ№19 им. Алимбекулы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«Cыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (726) 325-31-45
Есепші бөлімі:
+7 (702) 256-12-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Дәстүр мен ғұрып"  жобасы
17
ноябрь
2022
"Дәстүр мен ғұрып" жобасы
2022 жылдың 17 қараша күні Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінде "Дәстүр мен ғұрып"  жобасы бойынша бастауыш мұғалімі Естаева С. "Көгентүп" дәстүрінмен таныстырды. "Көгентүп" жас нәрестеге берілетін төрт түлік екенін бастан аяқ тереңінен айтып өтті. Оқушылар қызығушылықпен тыңдап өз ойлармен бөлісті. Жетекші: Мақтабаева С. Ә.
"Отбасы - орта мектеп "жобасы
16
ноябрь
2022
"Отбасы - орта мектеп "жобасы
16.11.2022 жылы Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінде "Отбасы - орта мектеп "жобасы аясында "Әкенің қоғамдағы рөлі" атты тақырыбында тарихи пәнінің мұғалімі Байділдаев Қуаныш әке тәрбиесі, баланың бойындағы ер мінезділік, өжеттілік, мәрттік қасиеттер әке арқылы қалыптасады. Әкенің бойындағы қасиет балаға берілетінін айтып түсіндірді.
"100 ән" жобасы
14
ноябрь
2022
"100 ән" жобасы
14.11.2022ж "100 ән" жобасы аясында мектеп оқушыларына музыка пәнінің мұғалімі Алдабергенов Бекет Асхат Қылышбековтың әні мен сөзіне жазылған " Елім менің" әнінің тарихын таныстырып,  орындап берді.
"Табиғат сырлары" тақырыбында ертегілер байқауы өткізілді.
14
ноябрь
2022
"Табиғат сырлары" тақырыбында ертегілер байқауы өткізілді.
Қараша айының 14 жұлдызында Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінде білімалушылардың  экологиялық мәдениетін қалыптастыру, экологиялық білім мен тәрбие деңгейін арттыру, туған елдің табиғатына аса қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін , қоғамдық белсенділігін дамыту мақсатында 5-6-сынып оқушылары арасында "Табиғат сырлары" тақырыбында ертегілер байқауы өткізілді.
"Дәстүр мен ғұрып" жобасы
10
ноябрь
2022
"Дәстүр мен ғұрып" жобасы
Ағымдағы жылдың 10 қараша күні Сыпатай Әлібекұлы атындағы N19 жалпы орта білім беретін мектебінде "Дәстүр мен ғұрып" жобасы аясында зейнеткер ұстаз, ардақты әже Шәріпқазиева Алтынкүл апайымыз білім алушыларға қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрі бойынша нәрестенің өмірге келгенінен бастап қырқынан шығарылғанға дейінгі мерзімдегі халық ырымдары мен ғұрпы туралы мағлұмат берді.
"Тіл- достықтың кепілі, ел татулығының негізі" ағылшын тілі мен орыс тілі мен әдебиеті пәндер айлығы өкізілді.
09
ноябрь
2022
"Тіл- достықтың кепілі, ел татулығының негізі" ағылшын тілі мен орыс
Жамбыл облысы Меркі ауданы Сұрат ауылы  09.11.2022ж Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінде "Тіл- достықтың кепілі, ел татулығының негізі" ағылшын тілі мен орыс тілі мен әдебиеті пәндер айлығының аясында  4 сыныптар арасында "Excellent reading " өткізілді. Балалар ағылшын тілінде оқу дағдыларын жақсы деңгейде көрсетті. Жауапты: Айтбаева П.С               Иембергенова А.М
"Отбасы мен мектеп" жобасы аясында "Әже-тәрбиенің бастау бұлағы" атты тақырыпта кездесу өтті
09
ноябрь
2022
"Отбасы мен мектеп" жобасы аясында "Әже-тәрбиенің бастау бұлағы" атты
09.11.2022жылы Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19жалпы орта білім беретін мектебінде "Отбасы мен мектеп" жобасы аясында "Әже-тәрбиенің бастау бұлағы" атты тақырыпта ауылымыздың әжелері Бигельдиева Қаныгуль  мен Агибаева Кулшаш келіп, өздерінің өнегелі өсиеттерін айтып, жақсы қасиеттерге ие болуға шақырды
"Тіл-достықтың кепілі, ел татулығының негізі" акциясы өтілуде
08
ноябрь
2022
"Тіл-достықтың кепілі, ел татулығының негізі" акциясы өтілуде
08.11.2022 жылы Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінде "Тіл-достықтың кепілі, ел татулығының негізі" ағылшын тілі және орыс тілі мен әдебиеті пәндер айлығының аясында  "День добрых слов" акциясы өтілуде.Мақсаты: оқушының бойына рухани-адамгершілік  қасиеттерді ұялату, жақсы-жаманды ажырата білуге, адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету. Бір-бірімен қарым-қатынастарын жақсарту, оларды  адамгершілікке, имандылыққа, шыншылдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.  
"Тіл-достықтың  кепілі, ел татулығының негізі" ағылшын тілі және орыс тілі мен әдебиеті пәндер айлығының аясында "My Motherland" эссе байқауы 10-11-сынып оқушылары арасында  өткізілді.
07
ноябрь
2022
"Тіл-достықтың кепілі, ел татулығының негізі" ағылшын тілі және орыс
07.11.2022ж Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінде "Тіл-достықтың  кепілі, ел татулығының негізі" ағылшын тілі және орыс тілі мен әдебиеті пәндер айлығының аясында "My Motherland" эссе байқауы 10-11-сынып оқушылары арасында  өткізілді.Байқау қорытындысы нәтижесі бойынша 11-сынып оқушылары  Шаншархан Ақерке І, Наурызбаева Алия ІІ, 10-сынып оқушысы Зарлық Данайым ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Пән мұғалімі: Наркулова Гулдана
"100 ән" жобасы
07
ноябрь
2022
"100 ән" жобасы
07.11.2022ж "100 ән" жобасы аясында мектеп оқушыларына музыка пәнінің мұғалімі Алдабергенов Бекет халық әні " Айқаракөз" әнінің тарихын таныстырып,  орындап берді.