Іс-шаралар » Страница 25 » СШ№19 им. Алимбекулы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«Cыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (726) 325-31-45
Есепші бөлімі:
+7 (702) 256-12-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Қарттарын қадірлеген ел ардақты", "Қарттарым қазынам" тақырыптарында тәрбие сағаттары  өткізілді.
30
сентябрь
2024
"Қарттарын қадірлеген ел ардақты", "Қарттарым қазынам" тақырыптарында
1 қазан -  Халықаралық қарттар күніне орай Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінде 1-11 сыныптарының білім алушылары арасында 30 қыркүйек күні "Қарттарын қадірлеген ел ардақты", "Қарттарым қазынам" тақырыптарында тәрбие сағаттары  өткізілді.  Мақсаты: жас жеткіншектерді  үлкенді сыйлап, өнеге алуға, халқымыздың салт-дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу. #Біртұтас_тәрбие #Жамбылоблысы #Меркіауданы
"Жүректен жүрекке" атты қайырымдылық акциясын өткізді.
30
сентябрь
2024
"Жүректен жүрекке" атты қайырымдылық акциясын өткізді.
1 қазан -  Халықаралық қарттар күніне орай өткізілетін іс-шараларының жоспары аясында 30 қыркүйек күні Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінің "Жас Ұлан" жасөспірімдер ұйымының жасұланшылары тәлімгер А.Абаева мен "Жас еріктілер" үйірмесінің жетекшісі Б.Чотбаеваның ұйымдастыруымен "Жүректен жүрекке" атты қайырымдылық акциясын өткізді. Іс-шара барысында балалар ауылдың қарт еңбек ардагерлерінің үйіне барып, түрлі үй шаруашылығындағы жұмыстарын атқарып, өздерінің
"Еңбек түбі - береке" тақырыбында кездесу өткізілді.
27
сентябрь
2024
"Еңбек түбі - береке" тақырыбында кездесу өткізілді.
Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінде Еңбек күні мерекесіне орай ұйымдастырылған іс-шаралар жоспарының аясында 2024 жылдың 27 қыркүйек күні "Еңбек түбі - береке" тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуге Сұрат ауылының жеке кәсіпкері Жәрдембаев А.қатысып,  өзінің кәсібі туралы айтып,оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Кездесуді мектептің кәсіби бағдар беруші педагогы К.Алимбекова ұйымдастырды. #Біртұтас_тәрбие #Жамбылоблысы #Меркіауданы
"Төрт тоқсан-төрт өнер" ұлттық мәдени-ағартушылық жобасының аясында ағымдағы жылдың 27 қыркүйек күні жас айтыскер өрендерінің басын қосып, байқаудың алғашқы іріктеу кезеңі  өткізілді.
27
сентябрь
2024
"Төрт тоқсан-төрт өнер" ұлттық мәдени-ағартушылық жобасының аясында
Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінде "Төрт тоқсан-төрт өнер" ұлттық мәдени-ағартушылық жобасының аясында ағымдағы жылдың 27 қыркүйек күні жас айтыскер өрендерінің басын қосып, байқаудың алғашқы іріктеу кезеңі  өткізілді. Ұйымдастырған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Даулеткелдиева. #АКЫНДАРАЙТЫСЫ2024 #ЖАМБЫЛОБЛЫСЫМЕРКІАУДАНЫ #біртутас_тарбие #оқуағартуминистрлігі #2024_2025окужылы
«Тек еңбекте үлкен адам бар»атты еңбек ардагерлеріне арналған кітап көрмесі болып өтті.
26
сентябрь
2024
«Тек еңбекте үлкен адам бар»атты еңбек ардагерлеріне арналған кітап
Мектеп кітапханасында  қыркүйек айының 26 күні «Тек еңбекте үлкен адам бар»атты еңбек ардагерлеріне арналған кітап көрмесі болып өтті. Мақсаты:оқушыларға тек еңбек арқылы барлық жетістікке жетуге болатындығын түсіндіріп,  оқушыларды адал  еңбекке баулу , кәсіптік білім беру.Адам еңбегін бағалай білуге, еңбек адамдарын сыйлай білуге тәрбиелеу. #Біртұтас_тәрбие #Жамбылоблысы #Меркіауданы
"Менің жетістігім - менің нәтижем" тақырыбында пікірталасы өткізілді.
26
сентябрь
2024
"Менің жетістігім - менің нәтижем" тақырыбында пікірталасы өткізілді.
Еңбек күні мерекесіне орай өткізілетін іс-шаралары жоспарына сәйкес 26 қыркүйек күні 8 сыныптардың білім алушылары арасында "Менің жетістігім - менің нәтижем" тақырыбында пікірталасы өткізілді. Іс-шараны ұйымдастырып өткізген тарих пәнінің мұғалімі Қ.Бекбулатов. Мақсаты: жас ұрпақты еңбекқорлыққа  баулу, еңбек адамына құрметпен қарауға тәрбиелеу. #Жамбылоблысы #Меркіауданы #Біртұтас_тәрбие
"Төрт тоқсан - төрт өнер" ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы
26
сентябрь
2024
"Төрт тоқсан - төрт өнер" ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы
"Төрт тоқсан - төрт өнер" ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында  ағымдағы  жылдың 26 қыркүйек күні "Ұстаздар, бар жақсылық  Сіздер үшін!" тақырыбында Ұстаздар мерекесі күніне орай мектеп білім алушылары мерекелік арнау жолдарын жолдады. #АКЫНДАРАЙТЫСЫ2024 #ЖАМБЫЛОБЛЫСЫМЕРКІАУДАНЫ #біртутас_тарбие #оқуағартуминистрлігі #2024_2025окужылы
"Бала қауіпсіздігі - қоғам келешегі" тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.
26
сентябрь
2024
"Бала қауіпсіздігі - қоғам келешегі" тақырыбында ата-аналар жиналысы
Ағымдағы жылдың 26 қыркүйек күні балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында "Бала қауіпсіздігі - қоғам келешегі" тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс мектеп пен ата-аналар қауымының ашық пікір алмасу форматында жүзеге асырылып, балалардың  өміріндегі,  сондай-ақ онлайн кеңістіктегі қауіпсіздіктері  туралы сөз қозғалған іс-шара болды. Ата-аналарға қауіп-қатерлерді дер кезінде қалай анықтау анықтау және оларды болдырмау үшін қандай шаралар қолдану керектігі туралы қадамдық
"Адал еңбек - өмірдің құндылығы" тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
25
сентябрь
2024
"Адал еңбек - өмірдің құндылығы" тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Еңбек күні мерекесіне орай өткізілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес 2024 жылдың  қыркүйек  айының 25-і күні 4 "А", 4 "Ә" сыныптарында  "Адал еңбек - өмірдің құндылығы" тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға тек еңбек арқылы барлық жетістікке жетуге болатынын түсіндіру және еңбектің адам өміріндегі маңызының жоғары екендігі  туралы түсінік беру. #Жамбылоблысы #Меркіауданы #Біртұтас_тәрбие
"Еңбекте батырлар туады"  тақырыбында  8-10 білім алушылары арасында эссе байқауы өткізілді.
25
сентябрь
2024
"Еңбекте батырлар туады" тақырыбында 8-10 білім алушылары арасында
Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінде  Еңбек күніне орай  өткізілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес "Еңбекте батырлар туады"  тақырыбында  8-10 білім алушылары арасында эссе байқауы өткізілді. Іс-шарада  білім алушыларға адам өмірі еңбекпен тығыз байланысты екендігі, еңбектену арқасында адам болып қалыптасатындығы тура түсіндірілді,  сонымен қатар эссе жазудың талаптары айтылды. Байқау соңында жеңімпаздар анықталды. Орындаған: А. Даулеткелдиева. #Жамбылоблысы