19
август
2021
"Балақайлар мектебі"


Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінде санитарлық нормаларды сақтай отырып, "Балақайлар мектебі" мектепалды даярлық жазғы курсы ұйымдастырылды. Курс баланың мектепке қажетті базалық іскерліктерді меңгеруіне, оқуға ауыртпалықсыз енуге мүмкіндік алуға бағытталды. Балақайлар мектебімен 2 бала қамтылды.