13
декабрь
2018
"Егер мен мектеп директоры болсам..."
2018 жылдың 13 желтоқсан күні Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 ЖББ мектеп директорының міндетін атқарушы Спанкулова Айжан Рысқазықызы қамқоршылық кеңес отырысында өзінің "Егер мен мектеп директоры болсам..." атты тақырыбында жобасын қорғап, қамқоршылық кеңесінің келісімін алды. Қамқоршылық кеңес отырысында ҚР ҒБМ Жамбыл облыстық бақылау департаментінің маманы Тулегенов Тасболат қатысып, бақылап отырды. Кеңес отырысының шешімі Спанкулова Айжан Рысқазықызына мектеп директоры болып тағайындалуына бірауыздан келісім беріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.