14
май
2025
"Жол ережесінің қауіпсіздігі" атты онкүндігі
Ағымдағы 2025 жылдың 14 мамыр күні Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінде мектеп оқушыларының жолда жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол көлік оқыс оқиғаларының алдын алу мақсатында "Жол ережесінің қауіпсіздігі" атты онкүндігінің ашылуына байланысты ақпараттандыру іс-шарасы өткізілді. Іс-шараның ашылу рәсімінде сөз алған мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т.Исмаилов жол қозғалысында әр адамның жолда жүру ережесін жетік білуінің маңыздылығы жайында сөз қозғап, оқушылардың әркезде жол қозғалысының тәртібін, мәдениетін сақтау өмір қауіпсіздігінің кепілі болып табылатынын айтып өтті. "Жол ережесінің қауіпсіздігі" атты онкүндігі 14-24 мамыр күндері аралығында жүзеге асырылады.

