18
март
2025
– Ұлттық киім күніне арналып өткізілді. Ұлттық киім – ұлтымыздың айнасы.
Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінде «Наурызнама» күнтізбесіне сәйкес кезекті іс-шарамыз 18 наурыз – Ұлттық киім күніне арналып өткізілді. Ұлттық киім – ұлтымыздың айнасы.
Халқымыздың ұлттық киімдері- заманауи тарихпен қатар дамып, біте қайнасып келе жатқан асыл қазынамыз. Ұлттық киім күні дәстүрлі киім
арқылы мәдени дәстүрлердің бірегейлігі мен алуан өзгешілігін көрсететін маңызды оқиға. Ата-бабамыздан мұра болып жеткен асыл қазыналарымыздың бірі ұлттық киім кию сән ғана емес, халқымыздың өнегелі тәлім-тәрбиесі. Осы күні мектептегі барша ұстаздар мен білім алушылар, кіші қызметкерлер ұлттық киім киіп жүрді. Сонымен қатар
мектебіміздің ұжымы ауылымыздың белсенді тұрғындарымен бірлесе
отырып, бай ұлттық болмысымызды жас ұрпаққа насихаттау мақсатында
ұлттық киімдерді киіп «Ұлттық киім ұрпаққа мұра» флешмобын биледі.