10
март
2025
Рейдтік іс-шаралар
Ағымдағы 2025 жылдың 7,8,9 наурыз күндері кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуының және құқық бұзушылығының алдын алу мақсатында мектеп директорының 07.03.2025 жылғы бекіткен кезекшілік кестесі негізінде мектеп мұғалімдерінің полиция қызметкерлерімен бірлескен рейдтік іс-шаралары ұйымдастырылды. Рейдтік іс-шараларының өткізілуі белгіленген күндері жауапты тұлғалардың қамтылуымен тәуліктің күндізгі және түнгі сағат 20.00-23.00 аралығындағы мезгілдерінде жүзеге асырылды. Рейд іс-шарасы барысында ата-ана бақылауынсыз, қадағалаусыз, қараусыз жүрген оқушылар анықталған жоқ.






