14
февраль
2025
«Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы»
Құқық бұзушылықтың алдын алу айлығы аясында әр аптаның жұма күндері «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңның талаптарына сәйкес, жасөспірімдердің арасында қылмыстың алдын алу және ҚР Әкімшілік Құқық бұзушылық Кодексінің 442 бабының 1-2 бөлімінің орындалуы бойынша түнгі 22.00-6.00 аралығында заңды өкілдерінсіз түнгі мезгілде қоғамдық орындарда жөнсіз жүруінің алдын алу, құқық бұзушылықтардың алдын алу және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Сұрат ауылдық округіне қарасты мөлтек ауданының аймақтары мен көшелерінде, ойын алаңдарына, дүкендерге «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім» рейдтік іс-шаралары жүргізілуде.Аталған іс-шаралар барысында сонымен қатар білім алушылардың бос уақыттарының дұрыс ұйымдастырылуын бақылау, оқушылардың қауіпті аймақтарда шоғырланбауы бойынша да түсіндірме жұмыстары жүзеге асырылуда.
Рейдтік іс-шаралары мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерінің аумақтық мектеп инспекторы Е.Оспанбеков және Меркі АПБ ЖПҚБ УПИ инспекторы А.Ақылжановпен бірлесе атқарылады.

Рейдтік іс-шаралары мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерінің аумақтық мектеп инспекторы Е.Оспанбеков және Меркі АПБ ЖПҚБ УПИ инспекторы А.Ақылжановпен бірлесе атқарылады.


