27
февраль
2025
«Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне арналған «Азаматтық қорғаныс – халық қауіпсіздігінің кепілі»
Жамбыл облысының әкімі Е.Қарашөкеевпен бекітілген «Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне арналған «Азаматтық қорғаныс – халық қауіпсіздігінің кепілі» ұранымен Жамбыл облысында ақпараттық – насихаттау іс-шараларын өткізу жоспарының» 13 тармағына , Меркі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің 27.02.2025 жылғы №21-14-27/104-И шығыс хатына сәйкес 2025 жылдың ағымдағы 2025 жылдың 28 ақпан күні сағат 11.00-де білім ошағының оқушылары, мұғалімдері және қызмет көрсетуші персоналымен сейсмикалық жаттығуы өткізілді. Сейсможаттығу барысында төтенше жағдайлар орын алған жағдайда әрекет ету алгоритміне сүйене отырып, білім ошағынан адамдарды эвакуациялау жүргізілді. Сонымен қатар қауіпсіздік әрекеті ережесі бойынша ақпараттар берілді.

