14
февраль
2025
"Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы"
"Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің террористік тұрғыдан осал объектілері мен білім және ғылым саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы №117 бұйрығын және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің аталған бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 31.07.2023 жылғы №237 бұйрығын негізге ала отырып, ағымдағы жылдың 14 ақпан күні мектеп директоры С.Сеитова, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т.Исмаилов білім ошағының балалар үшін қауіпсіз және жайлы ортасын қалыптастыру және террористік сипаттағы келеңсіз жағдайлардың алдын алу бағытында мектеп қызметкерлері - вахтерлер Г.Абдикулова, А.Есеналиева, қарауылдар А.Құлбеков, Д.Оңалбаев, Б.Қасымқұлов және педагогтер арасында ақпараттық түсіндірме жұмысын өткізді. Іс-шара барысында білім ошағының қызметкерлері, мектептің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты тұлғалар арасында объектінің терроризмге қарсы дайындығын күшейту бойынша профилактикалық шаралар, инструктаждар жүргізіліп, әрекет ету алгоритмдері бойынша кеңінен ақпараттар берілді.



