01
апрель
2024
«Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы»
Меркі ауданы білім бөлімінің 28.03.2024 жылғы N539 хаты негізінде ағымдағы жылдың 1 сәуір күні сағат 10.00-де Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінде білім ошағының балалар үшін қауіпсіз және жайлы ортасын қалыптастыру және террористік сипаттағы келеңсіз жағдайлардың алдын алу бағытында кезекті оқу жаттығуы ұйымдастырылды. Іс-шара барысында «Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы №117 бұйрығына сәйкес білім ошағының қызметкерлері, мектептің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты тұлғалар арасында объектінің терроризмге қарсы дайындығын күшейту бойынша профилактикалық шаралар, инструктаждар жүргізіліп, әрекет ету алгоритмдері бойынша кеңінен ақпараттар берілді. Оқу жаттығу жұмысы білім ошағында жарылғыш құрылғысы анықталғанда әрекет ету алгоритмі бойынша жүзеге асырылды.
















