30
январь
2025
"Заң және біз"
Біртұтас тәрбие бағдарламасының қаңтар - "Заң және тәртіп" айлығының іс-шаралары жоспарының аясында ағымдағы жылдың 30 қаңтар күні мектеп парламентінің ұйымдастыруымен "Заң және біз" тақырыбында интеллектуалды ойын сайысы өткізілді. Мақсаты - жас ұрпақ арасында құқықтық сауаттылықты дәріптеу, қоғам өміріндегі Заңның маңыздылығын насихаттау. Интеллектуалды ойын сайысына 8-9 сыныптарынан 3 команда қатысып, бақ сынасты. Сайыс IV бөлімнен тұрды : I бөлім - «Таныстыру». Мұнда сайысқа қатысушылар өздерінің командасын таныстырды.
II бөлім - «Құқықтық ақпарат конверті». Бұл бөлімде командалар таңдауына үш конверт ұсынылды, ал конверттердің ішінде белгілі бір тақырыптар бойынша тапсырмалар берілді. Таңдау жасаған командалар мүмкіндігінше берілген тапсырмалар ақпараттарын толық беруге әрекеттенді. Ол ақпараттарды постер дайындап қорғады. Дайындыққа 5 минут берілді.
III бөлім - « Мен заңды қаншалықты білемін?!». Бұл бөлімде командаларға түрлі-түсті жәшіктерден таңдау жасап, жәшіктер ішіндегі берілген сұрақтарға жауаптар берді. IV - ші «Мақал-мәтел» бөлімінде командалардың капитандары заң және тәртіп бағытында мақал-мәтелдер айтып жарысты.
Тартысты өткен интеллектуалды сайысының қорытындысы бойынша 9 «А» сыныбының "Әділдік нұры" командасы жеңімпаз тұғырынан көрінді.