20
январь
2025
"Жас жүргізуші"
Мектеп оқушыларының жолда жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқыс оқиғаларының алдын алу мақсатында ұйымдастырылған "Абайлаңыз, балалар!" республикалық акциясының онкүндік іс-шараларының жоспарына сәйкес Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінде 21 қаңтар күні «Зияткер» дебат үйірмесінің жетекшісі Қазыбек Елшібектің ұйымдастыруымен «Жас жүргізуші» тақырыбында пікірсайыс іс-шарасы өткізілді. Пікірсайыс барысында оқушылар екі тарапқа бөлініп, қазіргі таңда жүргізушілердің және жаяу жүргіншілердің жолда жүру ережесін сақтаудағы жауапкершілігі, жол қозғалысының қауіпсіздігі мен мәдениетін арттыру үрдісі бойынша аргументтер келтіріп, өзара пікір сайысына түсті.












