"Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты түп-тамырымен жою үшін бірігейік" деген үндеу жасалады. » СШ№19 им. Алимбекулы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«Cыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (726) 325-31-45
Есепші бөлімі:
+7 (702) 256-12-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты түп-тамырымен жою үшін бірігейік" деген үндеу жасалады.
25
ноябрь
2024

"Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты түп-тамырымен жою үшін бірігейік" деген үндеу жасалады.

Гендерлік зорлық-зомбылық мәселесін белсенді шешуге жастарды тарту және оның қоғамға әсері туралы хабардарлығын арттыру мақсатында ағымдағы жылдың 25 қараша - 10 желтоқсан аралығында "Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні" халықаралық науқаны өзінің бастауын алды. 25 қараша күні мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т.Исмаилов пен "Жас Ұлан" ұйымының тәлімгерінің уақытша міндетін атқарушы Г.Наркулова мектеп білім алушыларының арасында ақпараттық дайындық іс-шарасын өткізді. Жұмыс барысында аталған  науқанның маңыздылығы туралы айтылып, акция барысында жүзеге асырылатын іс-шаралар жоспарымен таныстырылды.  Әйелдер мен қыздарға, балаларға  қатысты зорлық-зомбылық мәселесі өзекті күйінде қалып отырғаны атап өтілді. Мұндай жағдайлар батыл әрі нақты әрекеттерді талап етеді. Осыған орай 2024 жылдың сәуір айында Мемлекет басшысының тапсырмасымен  әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауды күшейтуге арналған заң қабылданды. Жыл сайын Біріккен Ұлттар Ұйымы бүкіл әлемде гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділікті 16 күн бойы атап өтеді, БҰҰ Бас хатшысының атынан барлық мүше мемлекеттерге "Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты түп-тамырымен жою үшін бірігейік" деген үндеу жасалады. "Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенділік" жаһандық науқаны жыл сайын 25 қарашада Халықаралық әйелдерге  қатысты зорлық-зомбылықты түп-тамырымен жою күнінен басталып, 10 желтоқсанда Дүниежүзілік адам құқықтары күні аяқталады. Біз "Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн" науқанға біріге қосыламыз және барлық адамдарды әр адамның зорлық-зомбылықсыз өмір сүру құқығын қолдауға шақырамыз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив