11
ноябрь
2024
“Адам өмірінің құндылығы” атты тренинг элементтері бар жаттығулар ұйымдастырды.
«Меркі ауданы білім бөлімінің жылдық жоспарына сай, 29.10.2024 жылдың №1701 хатына сәйкес 2024 жылдың 1-30 қараша аралығында оқушылардың психологиялық жағдайын нығайтуға бағытталған айлықтың жоспар аясында мектеп психологі А.Бектурганова 11 қараша күні 5-7 сыныптармен “Адам өмірінің құндылығы” атты тренинг элементтері бар жаттығулар ұйымдастырды. Мақсаты: балаларлың ойын ашу, өмірге деген көзқарастарын қалыптастыру. Тренинг барысында адам үшін өмірдің құндылығын, оның қымбат екендігі жөнінде мағлұматтар беріліп “Сөйлемді жалғастыр...”, “Менің өмірлік мақсатым”, "Жүрек тыныштығы" жаттығуларын қызығушылықпен орындап, белсенді түрде қатысты. Оқушылар тренингте қойылған сұрақтарға жауап беріп, өмірдің барлық сәтсіздіктері бақытсыздық емес екендігін ұғынуға мүмкіндік ала алды.
