21
октябрь
2024
«Жас Еріктілер» үйірмесінің мақсаты — оқушыларды адамгершілік, жанашырлық және әлеуметтік жауапкершілікке тәрбиелей отырып, қоғамға пайда тигізетін азаматтар ретінде қалыптастыру.
Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінде "Жас Еріктілер" үйірмесі ашылып, жұмыс жасауда. «Жас Еріктілер» үйірмесінің мақсаты — оқушыларды адамгершілік, жанашырлық және әлеуметтік жауапкершілікке тәрбиелей отырып, қоғамға пайда тигізетін азаматтар ретінде қалыптастыру. Сонымен қатар, волонтерлік қызмет арқылы оқушылардың жеке тұлғалық дамуын, әлеуметтік қарым-қатынас дағдыларын және өмірлік тәжірибесін байыту. Мектептің әлеуметтік педагогы Б.Чотбаеваның ұйымдастыруымен жұмыс жасайтын "Жас еріктілер" үйірмесіне қамтылған білім алушыларға демеушілер - Жәрдембаев Нұржан Бақтанұлы мен Нұржанов Әкім Нүсіпбекұлы тарапынан қаржылай көмек көрсетіліп, 15 дана еріктілер киімі тігіліп, бас киімдер сатылып алынды. Киімдерді тігуде мектебіміздің кіші қызметкері Әбенова Ляззатқа деген алғысымыз ерекше.






